A- A A+
«Ақмола облысы мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі
«Құмай» археологиялық-этнографиялық кешені

«Рухани қазына» бағдарламасының «Iшкi және қажылық туризм» атты базалық жобасын жүзеге асыру аясында ашық аспан астында «Құмай» археологиялық-этнографиялық кешен этнопаркiн құру қазiргi таңда бiз үшiн мынандай себептер бойынша инновациялық сипаттағы басымды тапсырмалар болып саналады.

Бұл жобаның мақсаты- Қазақстан тарихындағы түрiк кезеңiнiң одан әрi зерттеу және насихаттау аясында ұлттық бiрегейлiктi жаңғырту.

Тапсырмалар: Халықтың тарихи санасын, адамгершiлiк және патриоттық құндылықтарын қалыптастыру.

Ескерткiштiң хронологиялық кезеңдерi: қола дәуiрi, сақ, ғұн және бiздiң эрамызға дейiнгi II-iншi мыңжылдықтың түрiк кезеңi, бiздiң эрамызға дейiнгi II-V және VI-VIII ғасырлар.

Қасиеттi ескерткiштердiң сипаттамасы: ежелгi және ортағасырлық қоғам өкiлдерiнiң мүсiндерi бiрегей дiни-мемориалдық құрылымдармен шоғырланған батырлық тұлғалардың тас мүсiндер мен стелалар болып келедi. Ескерткiштер Ұлы даланы, өз отанын қорғаған ұлы тұлғалардың құрметiне арнап тұрғызылған. Соның салдарынан, әулиелер мәртебесiн алған және ғибадат объектiсi болып табылады. Сондықтан адамдар өз жерлеу құрылымдарын орнату арқылы зиярат ету орындары мен тас мүсiндер орнатқан.

Зерттеу барысында бiлiп-тануда туристердi тарту маңызды бағыт болуы тиiс. Мысалы, жүйелi түрде өңiрдiң табиғи және тарихи орындарға экскурсиялар ұйымдастыруға болады. Аталмыш бағытты дамытуға мақсатты тұрғыда тұлғаны жан-жақты дамытуға қалыптастыру, өйткенi болашақ экологтар, тарихшылар, этнографтар ұрпақтан ұрпаққа өсiп, туған жерге деген сүйiспеншiлiк, қызығушылығы артады. Сондықтан, жобаның негiзгi индикаторын жүзеге асыру ол- туристердi тарту болып табылады деп санаймыз.

Жүзеге асыру мерзiмi 2017-2020 ж.ж.

Жергiлiктi бюджеттен қаржылай қаражат бөлу мақсатында, өкiлеттi органдармен қарау үшiн бюджеттiк өтiнiм дайындалады. Сондай-ақ, мемлекеттiк жеке меншiк серiктестiгi аясында қосымша инвесторлар iздестiрiлуде.

Өйткенi, тарихи-мәдени және туристiк саланы толық дамытуға инфрақұрылымға байланысты екенi белгiлi ғой. Сондай-ақ, тиiсiнше инвесторларды тарту үшiн алғашқы қадамдар қазiрдiң өзiнде жүзеге асырылуда.

Мысалы, Ерейментау облысында 2017 жылдың 23 шiлдесiнде, «Құмай» археологиялық-этнографиялық кешенiне тарих ғылымының докторы, Түркия Республикасының елшiсi, кеңесшiсi Мұстафа Қалқан және Түркия Республикасының Премьер-Министрi аппарты жанындағы ынтымақтастықты дамыту (ТIКА) басқармасының түрiк өкiлi Әли Ықсан Чагларлар барды.

Жобаның қорытынды нәтижесi: халықтың тарихи санасын, адамгершiлiк және патриоттық құндылықтарын қалыптастыру. БАҚ пен әлеуметтiк желiлер арқылы жобамен танысу арқылы, Қазақстан Республикасы мен облыс тұрғындарының оң әсер алуы.

Мақаланың шыққан күні: 10.01.2020 11:29
Парақтағы соңғы өзгерістер: 10.01.2020 11:29
Қаралым саны: 219

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2020 «Ақмола облысы мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қ., Сәтпаев көшесі, 1а, индекс 020000
Электрондық поштасы: cult@aqmola.gov.kz
Қабылдау бөлімінің телефоны: 8(7162) 25-81-60
Факс: 8(7162) 25-76-60
Әдеп жөнiндегi уәкiлi: 8 (7162) 25-81-73
Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 25-81-72
Cенім телефоны 8 (7162) 25-81-60