A- A A+
«Ақмола облысы мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі
Мұрағат

«Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға ішкі конкурс өткізеді

«Ақмола облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесі, (02000 индексі, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Сәтпаев көшесі 1, кабинет 107, анықтама үшін телефон нөмері: 8 (7162) 258172, факс (87162) 257660, электрондық мекенжайыKultura-kokshetau@yandex.ru Ақмола облысы басқармасының мемлекеттік қызметшілері арасындағы «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға ішкі конкурс жариялайды:

Ақмола облысы мәдениет басқармасының қаржы бөлімінің басшысы,«D-О-3» санаты, 1 бірлік.

Лауазымдық еңбек ақысы еңбек ақысы еткен жылына қарай 109932 теңгеден148242теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері: Бөлім қызметін ұйымдастырады; мемлекеттік меншіктің сақталуына, ақша қаражаттары мен материа лдық құндылықтарды дұрыс шығындалуына және шаруашылық есеп пен үнемдеу режимін сақтауды бақылауды жүзеге асырады. Ведомствоға бағынышты барлық мәдениет мекемелерінің жылдық есептері мен тоқсандық есептерін қабылдауды жүзеге асыруға және бухгалтерлік есептемелерді құрастыруға жауапты. Басқарма қызметкерлеріне еңбекақыны есептейді. Есептік және кассалық тәртіпті сақтауды, банк мекемелерінен алынған қаражаттарды мақсатты жұмсауды, бухгалтерлік құжаттар мен бухгалтерлік мұрағатты тиісті тәртіппен қатаң сақтауды қамтамасыз етеді. Қаржылай және тауарлық материалдық құндылықтардың уақытымен қабылдану және жұмсалуына үнемі бақылау жасайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Экономика және бизнес саласындағы мамандықтар бойынша жоғары білім,

мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың орта басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес;
4) жоғары оқу орынынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
5) ғылыми дәрежесінің болуы.

Конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары» (бұдан әрі «Қағидалар») негізінде жүргізіледі.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қаматамасыз ету үшін оның отырысына бақылаушыларды қатыстыруға жол беріледі. Байқаушы ретінде тіркелу сұрақтары бойынша Ақмола облысы мәдениет басқармасының персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жүгіну қажет.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: 1)белгіленген нысан бойынша өтініш;2)тиісті персоналды басқару қызметімен (кадр қызметімен) расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктірілмей береді.

 

Құжаттар Ақмола облысы мәдениет басқармасының және уәкілетті органның сайтында ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 5 жұмыс күнің ішінде ұсынылуы қажет.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап 5 жұмыс күн ішінде Ақмола облысының мәдениет басқармасында өтеді.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетін жерге келу қайта келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметінің барлық түрлерін пайдалану) өздерінің жеке қаражаттары есебінен жүргізеді.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәптібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

Конкурс туралы хабарлама (DOCX 99 Kb)

Мақаланың шыққан күні: 09.01.2020 11:08
Парақтағы соңғы өзгерістер: 09.01.2020 12:08
Қаралым саны: 227

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2020 «Ақмола облысы мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қ., Сәтпаев көшесі, 1а, индекс 020000
Электрондық поштасы: cult@aqmola.gov.kz
Қабылдау бөлімінің телефоны: 8(7162) 25-81-60
Факс: 8(7162) 25-76-60
Әдеп жөнiндегi уәкiлi: 8 (7162) 25-81-73
Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 25-81-72
Cенім телефоны 8 (7162) 25-81-60