A- A A+
«Ақмола облысы мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі
Ақпарат мәлімет үшін

Құрметтi
«Көркемөнерпаздар ұжымдарына «Халықтық» (үлгiлi) атағын беруге өтiнiмдердi қабылдау» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi сайтына келушiлер және әлеуеттi пайдаланушылар!

2019 жылғы III тоқсандағы жағдай бойынша, «Көркемөнерпаздар ұжымдарына «Халықтық» (үлгiлi) атағын беруге өтiнiмдердi қабылдау» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметiн оңтайландыру және автоматтандыру бойынша жол картасына сәйкес, қағаз түрiнен электрондық форматқа көшiру бөлiгiнде (Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлiгiнiң 27.06.2019 жылғы №6447/1 хаты ақпаратының негiзiнде) «Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер тiзiлiмiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 18 қыркүйектегi №983 қаулысына өзгерiстер енгiзу бойынша ұсыныс қаралуда.

Қазақстан Республикасы облыстарының жергiлiктi атқарушы органдарының тиiстi заң рәсiмдерiнен кейiн мемлекеттiк қызметтi көрсету нысанын кағаз түрiнен баламасыз түрде электрондық форматқа көшiру бөлiгiнде мәдениет саласындағы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентiне өзгерiстер енгiзу жоспарлануда. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлiгi және Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсiбi министрлiгiнiң «Көркемөнерпаздар ұжымдарына «Халықтық» (үлгiлi) атағын беруге өтiнiмдердi қабылдау» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметiнiң оңтайландырылған бизнес-процесiн iске қосу 2019 жылдың қарашасына жоспарланды.

Жоғарыда аталған мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметке жаңалықтарды енгiзу және iске қосу қосымша Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары арқылы және «Ақмола облысының мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасы» ММ ресми сайтында хабарланатын болады.

Мақаланың шыққан күні: 10.01.2020 17:22
Парақтағы соңғы өзгерістер: 10.01.2020 17:22
Қаралым саны: 157

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2020 «Ақмола облысы мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қ., Сәтпаев көшесі, 1а, индекс 020000
Электрондық поштасы: cult@aqmola.gov.kz
Қабылдау бөлімінің телефоны: 8(7162) 25-81-60
Факс: 8(7162) 25-76-60
Әдеп жөнiндегi уәкiлi: 8 (7162) 25-81-73
Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 25-81-72
Cенім телефоны 8 (7162) 25-81-60