A- A A+
«Ақмола облысы мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі
«Одинаковыми быть нам не обязательно» инновациялық жобасы

Жоба нысаны:

- инклюзивтi балалармен бiрге жүргiзiлетiн театр үйiрмесi;

- инклюзивтi балалардың қатысуымен спектакль қойылымдары.

Жобаның мiндеттерi мен мақсаттары:

- инклюзивтi балаларға деген қоғамның көзқарасын өзгерту

- балалардың шығармашылық қабiлеттерiн дамыту

- инклюзивтi балалардың әлеуметтiк бейiмделуi

-балалардың эмоционалдық дамуы

Алға қойылған мақсаттарға жету және тапсырмаларды шешу үшiн келесi әрекеттер жүзеге асырылды:

- ұйымдастыру комитетi құрылды және бекiтiлдi;

- жобаның шарттары даярланып қалыптастырылды;

- Жобаға «Өмiр» отбасылық тәрбие беру орталығын тарту;

- жарнамалық-ақпараттық жұмыс ұйымдастырылып қамтамасыз етiлдi;

- жобаны жүргiзуде серiктестердi тарту.

Жобаның маңыздылығы:

Әлемде бөтен кiсiнiң қайғысына ортақтасып, көмекке келе алатын, мейiрiмi мол адамдар аз емес. Бiздер қасiретке ұшыраған қоршаған адамдарға, әсiресе балаларға қол ұшын беруге әрқашан дайынбыз. Ауыр науқастанған балалардың жағдайына бей-жай қарай алмаймыз, олар да елiмiздiң кiшкентай азаматтары емес пе. Олардың ата-аналары сезiнетiн қасiреттi бөгде адамға түсiну өте қиын, тiптi мүмкiн емес те шығар. Қоғамымыз инклюзивтi балаларға деген көзқарасын дұрыс бiлдiрмей жатады.

Театр да шет қалмай, «Өмiр» отбасылық тәрбие беру орталығымен бiрлесiп, «Одинаковыми быть нам не обязательно» жаңа жобасын жасады. Бұл шара инклюзивтi балалар мен олардың ата-аналарының құқытары мен мүдделерiне қоғам тарапынан нұқсан келтiрiлмес үшiн арналып жасалған.

Жобаның мақсаттары: даму ерекшелiктерi бар балалардың интегративтi театр өнерi арқылы әлеуметтiк бейiмделуi; қоғамда даму ерекшелiктерi бар адамдарға қатысты дұрыс көзқарас қалыптастыру.

Жобаның негiзгi идеясы — мүгедек балалардың өмiрiн күн көрiс қылмай, олардың өмiрiн жарқырату. Аталған жобаны жүзеге асыру идеясы қоғамымызда орын алған саяси және әлеуметтiк жағдайдың салдарынан пайда болды, сондықтан бұл жобаны жүзеге асырудың оң нәтижелерi мүгедек балалардан рөлi, қоғамымыз үшiн маңызы молырақ. Аталған жобаның мәнi — театр өнерiмен айналысу арқылы мүгедек балаларды қоғамдағы өмiрге дайындау, қоғамды мүгедектердiң өзiндiк өнерiмен таныстыру. Бұл жобаны жүзеге асыру нәтижесiнде мүгедек балалар «әлеуметтiк мүгедек» болып өспей, керiсiнше қоғам оларды қабылдай бiлуi қажет.

Мақаланың шыққан күні: 10.01.2020 10:23
Парақтағы соңғы өзгерістер: 10.01.2020 10:23
Қаралым саны: 173

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2020 «Ақмола облысы мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қ., Сәтпаев көшесі, 1а, индекс 020000
Электрондық поштасы: cult@aqmola.gov.kz
Қабылдау бөлімінің телефоны: 8(7162) 25-81-60
Факс: 8(7162) 25-76-60
Әдеп жөнiндегi уәкiлi: 8 (7162) 25-81-73
Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 25-81-72
Cенім телефоны 8 (7162) 25-81-60