A- A A+
«Ақмола облысы мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі
Ақмола облысы мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» КММ

Директор: Сапанов Берiк Айсынұлы

Жұмыс кестесi: дүйсенбi — жұма, 9:00-ден 18:00-ге дейiн.

Мекен-жайы: Көкшетау қ. Баймұқан көш, 23

Телефоны: 8 (7162) 51-27-75

Электрондық мекен-жайы: gunasledie@mail.ru

Веб-сайты: www.history-akmola.kz

«Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөнiндегi орталық» КММ облыс әкiмiнiң 2001 жылғы 29 қарашадағы №а 7/43 қаулысы негiзiнде құрылды. Орталықтың мемлекеттiк меншiктiк құқықтық субьектi ретiнде мiндеттерiн атқарушы құрылтайшысы болып Ақмола облысының әкiмдiгi табылады.

Ақмола облысы әкiмiнiң 2005 жылғы 12 тамыздағы № А-8/264 қаулысы негiзiнде «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» ММ-сi оперативтiк мемлекеттiк коммуналды кәсiпорын құқығы бойынша Ақмола облысының мәдениет басқармасы жанындағы «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» мемлекеттiк мекемесi болып құрылды.

Орталықтың негiзгi мақсаты — тарихи-мәдени ескерткiштердi мемлекеттiк қорғауға алу, оларды есепке алу, сақтау, қайта жаңарту, насихаттау және пайдалану жұмыстарын үйлестiру болып табылады.

Қазiргi уақытта облыс аймағында әртүрлi сақтау категориясына жататын 1117 жылжымайтын тарихи және мәдени ескерткiштер нысандары сақталған. Оның iшiнде Көкшетау қаласы бойынша 37 тарих және мәдениет ескерткiш бар, археологиялық ескерткiш- 975. Жыл сайын археология ескерткiштерiне «Мәдени мұра» аймақтық бағдарламасы аясында барлау, құтқару, қорғау жұмыстары жүргiзiледi, оның негiзгi мақсаты- ескерткiштердi сақтауды қамтамасыз ету.

Сонымен қатар мекеме қызметiнiң басым бағытына тарих және мәдениет ескерткiштерiн техникалық жағдайын бақылауға алу және БАҚ-на тарихи-мәдени насихаттау жұмыстары кiредi.

Мақаланың шыққан күні: 08.01.2020 12:45
Парақтағы соңғы өзгерістер: 08.01.2020 12:45
Қаралым саны: 275

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2020 «Ақмола облысы мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қ., Сәтпаев көшесі, 1а, индекс 020000
Электрондық поштасы: cult@aqmola.gov.kz
Қабылдау бөлімінің телефоны: 8(7162) 25-81-60
Факс: 8(7162) 25-76-60
Әдеп жөнiндегi уәкiлi: 8 (7162) 25-81-73
Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 25-81-72
Cенім телефоны 8 (7162) 25-81-60