A- A A+
«Ақмола облысы мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі
Ақмола облысы мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасының «Көкшетау қаласының тарихы музейі» КММ

Директоры: Ғабдуллина Ботагөз Жакенқызы

Жұмыс кестесi: дүйсенбi-жұма, 9:00-ден 18:00-ге дейiн

Мекен-жайы: Көкшетау қаласы, Қанай би көшесi, 32

Телефоны: 8 (7162) 26-46-84

Электрондық мекен-жайы: muz.kokche@mail.ru

Веб-сайтs: http://muz-kokshe.akmol.kz/

Көкшетау қаласының тарихы музейi 2000 жылы құрылды. Музей экспозициясы қаланың 180 — жылдығына арналып, 2004 жылы ашылды. Музей қаланың ескi бөлiгi Қанай би көшесi 32 үйде орналасқан. Нақты осы қырдың баурайында, Қопа көлiнiң жағасында Көкшетау қаласының құрылуы басталды. Музей ғимараты тарихи ескерткiш және мемлекеттiң қорғауында болып табылады. Көп жылғы жайқалған жасыл ағаштардың арасында тұрған бiр қабатты үйдiң қабырғалары ғасырдан ұзақ уақыттың тарихын сақтайды. ХIХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында бұл үйде кеңес уақытының болашақ мемлекеттiк қайраткерi В.В. Куйбышевтың жанұясы тұрған, Ұлы Отан соғысы кезiнде Кеңес әскерiнiң жараланған жауынгерлерiне арналған тыл госпиталi орналасты, содан соң бұл үйде В.В.Куйбышевтiң музейi ашылып, кейiннен ол Көкшетау қаласының тарихы музейi болып қайта құрылды. Музей қорында 17 мың экспонат сақталады. Олар қала тұрғындарының өмiрiн суреттейтiн, уақыт өте өңi кеткен ескi фотосуреттер, құжаттар, қолжазбалар, мәдени заттар. Музей экспонаттарының iшiнде келушiлер, әсiресе, ХХ ғасырдың басындағы американдық «Кадиллак» маркалы автокөлiгiне, «Дюркопп» немiс маркалы велосипедiне және де жүгендi көлiктер — қысқы шана мен жазғы арбаға қызыға қарайды.

Мақаланың шыққан күні: 09.01.2020 16:51
Парақтағы соңғы өзгерістер: 09.01.2020 16:51
Қаралым саны: 233

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2020 «Ақмола облысы мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қ., Сәтпаев көшесі, 1а, индекс 020000
Электрондық поштасы: cult@aqmola.gov.kz
Қабылдау бөлімінің телефоны: 8(7162) 25-81-60
Факс: 8(7162) 25-76-60
Әдеп жөнiндегi уәкiлi: 8 (7162) 25-81-73
Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 25-81-72
Cенім телефоны 8 (7162) 25-81-60