A- A A+
«Ақмола облысы мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі
«Мәдени құндылықтарды уақытша әкетуге рұқсаттар беру» мемлекеттік қызметтің нәтижесіне шағымдану тәртібі

1. Арыз жазбаша түрде пошта арқылы немесе басқарманың құжаттандырумен қамтамасыз ету қызметi арқылы қолма-қол табысталады.

2. Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң нәтижесiмен келiспеген жағдайда қызмет алушы белгiленген заңнама ережесiне сай сотқа шағымдануға құқылы;

3. Арыз ерiктi түрде жергiлiктi маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiштерiнде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргiзуге келiсiм беру туралы өтiнiштiң көшiрмесiмен қоса құжаттармен қамтамасыз ету бөлiмiнiң белгiсiмен берiледi. Мемлекеттiк қызмет алушы өз арызында мiндеттi түрде көрсетедi:

- аты-тегiн;

- жауап жiберiлетiн пошталық мекен-жайды;

- арыз мәтiнiн;

- жеке қолы мен арыз берiлген күн көрсетiлуi керек.

4. Арыз басқарманың құжаттармен қамтамасыз ету қызметiмен тiркеуге алынады. Арыз берушiге күнi мен уақыты, оны қабылдап алған тұлғаның аты-жөнi көрсетiлген түбiртек берiледi.

5. Арызды қарастыру жөнiндегi ақпаратты 258160 телефоны арқылы бiлуге болады. Арызды қарастыру ҚР заңнамасына сәйкес тәртiп пен мерзiмде жүзеге асырылады.

6. Арызды қарастыру нәтижесi пошта арқылы немесе арызданушыға қолма-қол не сенiмхат бойынша берiледi.

7. Басқарма қызметкерлерiнiң заңға қайшы әрекеттерiне (әрекетсiздiктерiне) орай, арыз «Жеке және заңды тұлғалардың арызын қарастыру тәртiбi туралы» ҚР Заңының 8 бабына сай мерзiмде қарастырылады.

8. Портал арқылы арыздану жағдайында электрондық арызды мемлекеттiк қызмет алушыға жолдағаннан кейiн жеке кабинеттен басқармадағы арыздарды өңдеу барысында жаңарып отыратын арыздар туралы ақпарат қол жетiмдi (жеткiзiлгендiгi, тiркелгендiгi, орындалғандығы, қарастырылуы не қарастырылмайтындығы туралы жауап).

«Мәдени құндылықтарды уақытша әкетуге рұқсаттар беру»мемлекеттiк қызметтiң нәтижесiне шағымдану тәртiбi (DOCX 15 Kb)

Мақаланың шыққан күні: 10.01.2020 16:23
Парақтағы соңғы өзгерістер: 10.01.2020 16:23
Қаралым саны: 159

Комментарии


egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2020 «Ақмола облысы мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қ., Сәтпаев көшесі, 1а, индекс 020000
Электрондық поштасы: cult@aqmola.gov.kz
Қабылдау бөлімінің телефоны: 8(7162) 25-81-60
Факс: 8(7162) 25-76-60
Әдеп жөнiндегi уәкiлi: 8 (7162) 25-81-73
Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 25-81-72
Cенім телефоны 8 (7162) 25-81-60