A- A A+
«Ақмола облысы мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі
«Оқырман ұлт - баянды болашақ» «Жыл сайынғы Әдеби парк» бағдарламасы.

Ақмола облысының М.Жұмабаев атындағы АОӘҒК-ның «Рухани қазына» бағдарламасы аясындағы «Асыл ұрпақ» негiзгi бағытын жүзеге асыру негiзiндегi «Оқырман ұлт — баянды болашақ» «Жыл сайынғы Әдеби парк» бағдарламасы.

Жобаның мақсаты: Оқырмандардың белсендiгiн арттыру үшiн барлық мәдени сегменттердi бiрiктiру арқылы, жобаны iске асыру бойынша халықпен жұмыс iстеу арқылы интерактивтi нысандарды пайдалану (өнер, поэзия шеберлiгi, ұлттық ойындар флеш-мобтар, викториналар, сайыстар, сахналық қойылымдар, кiтап тұсаукесерлерi, кiтап авторларымен кездесу).

Жоба өлкетанушылық, көркем әдеби, ғылыми-көпшiлiк, техникалық, әлеуметтi маңызы бар әдебиеттердi интерактивтi нысандарын пайдалану арқылы көпшiлiк қауымды оқуға тарту өзектi мәселесiн шешуге бағытталған. Жобаның нәтижесiнде оқырмандар мен кiтапхана пайдаланушыларының санын 3000 адам, кiтапханаға келу саны 1500 адам, оқырмандармен жұмыс iстеу интерактивтi нысандары санын 70% арттыру жоспарлануда.

Жоба 2016 жылдың маусым айында жұмысын бастады. Қазақстан Республикасының Тәуелсiздiгiне 25 жыл толуына орай өткiзiлген "Жыл сайынғы әдеби паркiнде" Ақмола облысының 15 аудан кiтапханалары қатысты. Қалалық саябақ алаңында қала тұрғындары мен қонақтары назарына театрландырылған қойылымдар, қызықты викториналар, ойындар және қол өнершiлердiң көрнектi жасаған бұйымдары мен мазмұнды кiтаптар қойылған көрмелер ұсынылды.

2017 жылдың маусым айында Астана қаласында "ЭКСПО-2017" Халықаралық мамандандырылған көрмесi аясында «Экспо — 2017: Ақмола өңiрiнiң жаһандық келбетi» атты әдеби саябағы болып өттi. Үш тiлдi жетiк бiлетiн кiтапхана қызметкерлерi Астана қаласының тұрғындары мен қонақтарына «2017. EXPO. AKMOLA» кiтап көрмесiне шолу жасады. Сонымен қатар, кiтапхана жастарының ұйымдастыруымен «Кiтапхана — шығармашылыққа шабыт бередi — Библиотека вдохнавляет на творчество» атты библио-денс — кiтаппен би жиналған жұртшылық назарына ұсынылды.

Мақаланың шыққан күні: 10.01.2020 10:53
Парақтағы соңғы өзгерістер: 10.01.2020 10:53
Қаралым саны: 187

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2020 «Ақмола облысы мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қ., Сәтпаев көшесі, 1а, индекс 020000
Электрондық поштасы: cult@aqmola.gov.kz
Қабылдау бөлімінің телефоны: 8(7162) 25-81-60
Факс: 8(7162) 25-76-60
Әдеп жөнiндегi уәкiлi: 8 (7162) 25-81-73
Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 25-81-72
Cенім телефоны 8 (7162) 25-81-60