A- A A+
«Ақмола облысы мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі
Ақмола облысының «Жас ғабдуллиншілдер» қозғалысы үлгісіндегі Қазақстанның жас патриоттар республикалық акциясы

5 шiлде күнi Кеңес Одағының Батыры, академик, жазушы, қоғам қайраткерi Мәлiк Ғабдуллин музейiнде республикалық «Жас ғабдуллиншiлдер» клубының бiрiншi слетiнiң ресми жабылу рәсiмi өттi.

Iс-шараның жабылу рәсiмi М.Ғабдуллиннiң кеудемүсiнiне гүл шоқтарын қоюдан басталды. Гүл шоқтарын Қарағанды қаласынан арнайы келген Мәлiк Ғабдуллиннiң шәкiртi Әсен Ербатыр Қазезханұлы мен Маңғыстау облысының оқушыларын бастап келген жетекшiсi Илиясова Роза Әзизқызы қойды.

Слет қатысушыларын Мәлiк Ғабдуллин музейiнiң экспозициялық залдарымен музей экскурсоводы А.Балтабаев пен музейдiң аға ғылыми қызметкерi А.Махметова таныстырды. Сондай-ақ, оқушылар арасында «Ойлан, тап!» атты викторина өткiзiлiп, музейдiң экспозициялық залдары туралы мағлұмат беретiн буклеттер табысталды.

Бұл iс-шараның бiр ерекшелiгi Астана күнiмен тұспа-тұс келiп отырғандығы болды. Осы мерекеге орай ұйымдастырылған «Әлем сүйсiнген Астана» атты көрмемен музей экскурсоводы А.Сердәлi таныстырды.

Жабылу рәсiмiнде слет қорытындысы бойынша көзге түсiп, интеллектуалдық ойындарда жақсы нәтиже көрсеткен оқушылар марапатталып, оларға арнайы дипломдар мен алғыс хаттар табысталды. Атап айтар болсақ, «Зеректiлiгi үшiн» номинациясымен Мәдихан Жансая, «Мергендiгi үшiн» номинациясымен Мақсатұлы Асылбек, «Желтаудың желаяғы» номинациясымен Құдайбергенұлы Берiк, «Күмiс көмей әншi» номинациясымен Калугина Юлия, «Ұшқыр қиялы үшiн» номинациясымен Сұлтанова Жанель және «Мың бұралған бишi» номинациясы бойынша Аян Ермұратұлы марапатталды.

Ал, осы күндерi зеректiлiгiмен, тапқырлығымен және шапшаңдығымен көзге түскен оқушылар республикалық «Жас ғабдуллиншiлдер» клубына мүше болып қабылданды. Оларға арнайы куәлiктер мен төсбелгiлердi музей директоры Қ.Мырзабек табыстады.

Iс-шараның соңында «Жас ғабдуллиншiлдер» клубының жалауы салтанатты түрде шығарылып, Ақмола облыстық балалар шығармашылық орталығының шәкiрттерi қойған шағын концерттiк бағдарламаға ұласты.

Мақаланың шыққан күні: 09.01.2020 19:20
Парақтағы соңғы өзгерістер: 10.01.2020 09:28
Қаралым саны: 206

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2020 «Ақмола облысы мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қ., Сәтпаев көшесі, 1а, индекс 020000
Электрондық поштасы: cult@aqmola.gov.kz
Қабылдау бөлімінің телефоны: 8(7162) 25-81-60
Факс: 8(7162) 25-76-60
Әдеп жөнiндегi уәкiлi: 8 (7162) 25-81-73
Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 25-81-72
Cенім телефоны 8 (7162) 25-81-60