A- A A+
«Ақмола облысы мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі
«Мәдени құндылықтарды уақытша әкетуге рұқсаттар беру» мемлекеттік қызмет стандарты

"Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлiк беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты

1-тарау. Жалпы ережелер

Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда — ҚР Мәдениет және спорт министрiнiң 02.03.2017 № 53 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

1. "Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлiк беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет).

2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлiгi (бұдан әрi — Министрлiк) әзiрледi.

3. Мемлекеттiк қызмет облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органдарынымен (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетiледi.

Өтiнiштi қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижеciн беру:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi;

2) www.elicense.kz, www.e.gov.kz "электрондық үкiмет" веб-порталы (бұдан әрi — портал) арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi

Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда — ҚР Мәдениет және спорт министрiнiң 02.03.2017 № 53 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

4. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiге құжаттар топтамасы тапсырылған кезден бастап, сондай-ақ порталға жүгiнген кезде — 10 (он) жұмыс күнi;

2) құжаттар топтамасын тапсыру үшiн күтудiң рұқсат берiлетiн ең ұзақ уақыты — 15 (он бес) минут;

3) қызмет көрсетудiң рұқсат берiлетiн ең ұзақ уақыты — 10 (он) минут.

Көрсетiлетiн қызметтi берушi көрсетiлетiн қызметтi алушының құжаттарын алған кезден бастап екi жұмыс күн iшiнде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруге мiндеттi.

Ұсынылған құжаттардың толық еместiгi анықталған жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi берушi көрсетiлген мерзiмде өтiнiштi одан әрi қараудан жазбаша уәждi түрде бас тартады.

5. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нысаны: электрондық нысан (iшiнара автоматтандырылған).

6. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi — Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 10320 болып тiркелген "Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлiк беру қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрiнiң 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 19 бұйрығымен бекiтiлген нысан бойынша мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлiк (бұдан әрi — куәлiк), не осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 9-1-тармағында көзделген жағдайларда және негiздер бойынша мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап.

Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесiн беру нысаны: электрондық нысан.

Куәлiктi қағаз жеткiзгiште алуға өтiнiш бiлдiрiлген жағдайда, мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi электрондық форматта ресiмделiп, басып шығарылады және көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң мөрiмен куәландырылады.

Ескерту. 6-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР Мәдениет және спорт министрiнiң 02.03.2017 № 53 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

7. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi алушы) тегiн көрсетiледi.

8. Жұмыс кестесi:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiде — көрсетiлетiн қызметтi берушi Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiнен басқа, дүйсенбiден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.30-ге дейiн, түскi үзiлiс сағат 13.00-ден 14.30-ге дейiн.

Өтiнiштi қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижелерiн беру, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейiн жүзеге асырылады.

Мемлекеттiк қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетiлген қызмет көрсетусiз, кезек күту тәртiбiмен, көрсетiледi;

2) порталда — тәулiк бойы, жөндеу жұмыстарын жүргiзуге байланысты техникалық үзiлiстердi қоспағанда (көрсетiлетiн қызметтi алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейiн, демалыс және мереке күндерi жүгiнген кезде мемлекеттiк қызмет көрсетуге өтiнiштер мен мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерiн беру келесi жұмыс күнiнде жүзеге асырылады).

9. Көрсетiлетiн қызметтi алушы (не оның уәкiлеттi өкiлi) жүгiнген кезде мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн қажеттi құжаттардың тiзбесi:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiге:

жеке басын куәландыратын құжат және (немесе) заңды тұлғаның сенiмхат немесе нотариалды куәландырылған сенiмхат (жеке тұлғаға) — көрсетiлетiн қызметтi алушының өкiлi жүгiнген кезде (жеке басын сәйкестендiру үшiн талап етiледi);

осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;

мәдени құндылықтарға меншiк құқығын растайтын құжаттардың көшiрмелерi;

қабылдаушы тараптың мәдени құндылықтардың мақсаттары мен болу талаптары туралы шарттың көшiрмесi;

мәдени құндылықтардың беткi жағы мен керi жақтары суреттелген А-5 форматындағы екi фотосуретi;

заңды тұлғалар үшiн — уақытша әкету кезеңiне мәдени құндылықтардың сақталуы үшiн белгiлi бiр адамға жауапкершiлiк жүктеу туралы ұйым басшысының бұйрығы;

сараптауға жататын мәдени құндылықтар ретiнде қаралатын заттар;

2) порталға:

көрсетiлетiн қызметтi алушының электрондық цифрлық қолымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;

мәдени құндылықтарға меншiк құқығын растайтын құжаттардың электрондық көшiрмесi;

қабылдаушы тараптың мәдени құндылықтардың мақсаттары мен болу талаптары туралы шартының электрондық көшiрмесi;

мәдени құндылықтардың беткi және керi жақтары суреттелген А-5 форматындағы электрондық фотосуретi;

заңды тұлғалар үшiн — сұрау салуға қоса тiркелетiн, уақытша әкету кезеңiне мәдени құндылықтардың сақталуы үшiн белгiлi бiр адамға жауапкершiлiк жүктеу туралы ұйым басшысының бұйрығының электрондық көшiрмесi;

көрсетiлетiн қызметтi алушы сараптамаға жататын мәдени құндылықтар ретiнде қаралатын заттарды (көрсетiлетiн қызметтi берушiге қолма-қол ұсынады).

Жеке басын куәландыратын, заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы, дара кәсiпкер ретiнде мемлекеттiк тiркеу туралы құжаттардың мемлекеттiк электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын мәлiметтерiн көрсетiлетiн қызметтi берушi "электрондық үкiмет" шлюзi арқылы тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден алады.

Көрсетiлетiн қызметтi берушiге ұсынылған заттар қабылдау және өткiзу журналында белгiленедi. Сараптама өткiзiлген кейiн ұсынылған заттарды қабылдау және өткiзу журналына белгi қоюмен көрсетiлетiн қызметтi алушыға қайтарылады.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы барлық қажеттi құжаттарды тапсырған кезде:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiге — өтiнiштiң көшiрмесiнде құжаттар топтамасын қабылдаудың күнi мен уақыты көрсетiле отырып, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiнде тiркеу туралы белгi өтiнiштiң қағаз жеткiзгiште қабылданғанын растау болып табылады;

2) портал арқылы — "жеке кабинетiнде" көрсетiлетiн қызметтi алушының өтiнiштер тарихында мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе көрсетiле отырып.

9-1. Мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту үшiн:

1) көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алу үшiн ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердiң (мәлiметтердiң) анық еместiгiн анықтау;

2) әкетiлетiн мәдени құндылықтарды реставрациялау мақсатында уақытша әкету жағдайларын қоспағанда, олардың қанағаттанарлықсыз физикалық жай-күйi;

3) мәдени құндылықтардың халықаралық және (немесе) мемлекеттiк iздестiруде болуы;

4) мәдени құндылықтың уақытша әкету мақсатының "Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Заңының 35-бабының 1-тармағымен сәйкес келмеуi негiздер болып табылады.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту себептерiн жойған жағдайда, осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартымен белгiленген тәртiппен көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi алу үшiн көрсетiлетiн қызметтi алушының қайта жүгiнуiне болады.

Ескерту. 2-тарау 9-1-тармақпен толықтырылды — ҚР Мәдениет және спорт министрiнiң 02.03.2017 № 53 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

3-тарау. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттiк қызметтi көрсету мәселелерi бойынша шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда — ҚР Мәдениет және спорт министрiнiң 02.03.2017 № 53 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

10. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттiк қызмет мәселелерi бойынша әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымданған жағдайда: шағым Министрлiктiң www.mks.gov.kz интернет-ресурсында, "Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер" бөлiмiнде көрсетiлген мекенжай бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысының атына берiледi.

Шағым жазбаша нысанда пошта бойынша, портал арқылы немесе көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi арқылы қолма-қол тапсырылады.

Көрсетiлетiн қызметтi алушымен қол қойылған шағымда:

1) жеке тұлғаның — тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда), почталық мекенжайы;

2) заңды тұлғаның — атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмiрi мен күнi көрсетiледi.

Шағымның көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiнде тiркелуi (мөртаңба, кiрiс нөмiрi мен күнi) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң мекенжайына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы оның тiркелген күнiнен бастап бес жұмыс күн iшiнде қаралуға жатады.

Шағымды қарау нәтижелерi туралы дәлелдi жауап көрсетiлетiн қызметтi алушыға пошта арқылы жiберiледi не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiнде қолма-қол берiледi.

Сондай-ақ, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң қызметкерiнiң әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi туралы мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша ақпаратты бiрыңғай байланыс орталығының телефоны: 1414 немесе портал арқылы алуға болады.

Шағым портал арқылы жiберiлген кезде, көрсетiлетiн қызметтi алушыға "жеке кабинеттен" өтiнiш туралы ақпарат қолжетiмдi болады, бұл ақпарат көрсетiлетiн қызметтi берушi өтiнiштi өңдеу барысында (жеткiзiлгенi, тiркелгенi, орындалғаны туралы белгiлер, шағымды қарау туралы немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.

Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағыммен жүгiне алады.

Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның мекенжайына келiп түскен шағым тiркелген күнiнен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде қарауға жатады.

Ескерту. 10-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР Мәдениет және спорт министрiнiң 02.03.2017 № 53 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

11. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайларда, көрсетiлетiн қызметтi алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқығы бар.

4-тарау. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң, оның iшiнде электрондық нысанда көрсетудiң ерекшелiктерiн ескере отырып, қойылатын өзге талаптар

Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда — ҚР Мәдениет және спорт министрiнiң 02.03.2017 № 53 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

12. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi берушiге мүмкiндiгi шектеулi көрсетiлетiн қызметтi алушы өтiнiш берген жағдайда мемлекеттiк қызмет көрсету ерекшелiктерi: ғимарат мүмкiндiгi шектеулi адамдардың кiруiне арналған пандустармен жабдықталған.

13. Мемлекеттiк қызмет көрсететiн орындардың мекенжайлары Министрлiктiң www.mks.gov.kz интернет-ресурсында "Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер" бөлiмiнде орналастырылған.

14. Көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк қызметтi электрондық цифрлық қолы болған жағдайда, электрондық нысанда портал арқылы алу мүмкiндiгi бар.

15. Көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк қызметтi көрсетудiң тәртiбi мен мәртебесi жөнiндегi ақпаратты порталдың "жеке кабинетi" арқылы, сондай-ақ мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткiзу режимiнде алуға мүмкiндiгi бар.

16. Мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша анықтама қызметтерiнiң байланыс телефондары Министрлiктiң www.mks.gov.kz интернет-ресурсында, "Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер" бөлiмiнде көрсетiлген. Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығы: 1414.

Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлiк беру мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты (DOCX 20 Kb)

Мақаланың шыққан күні: 10.01.2020 15:50
Парақтағы соңғы өзгерістер: 10.01.2020 15:50
Қаралым саны: 167

Комментарии


egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2020 «Ақмола облысы мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қ., Сәтпаев көшесі, 1а, индекс 020000
Электрондық поштасы: cult@aqmola.gov.kz
Қабылдау бөлімінің телефоны: 8(7162) 25-81-60
Факс: 8(7162) 25-76-60
Әдеп жөнiндегi уәкiлi: 8 (7162) 25-81-73
Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 25-81-72
Cенім телефоны 8 (7162) 25-81-60