A- A A+
«Ақмола облысы мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі
Халқымыздың аяулы ақын ұлдары, асқақ әншілері Біржан сал, Ақан сері, Үкілі Ыбырай, Балуан Шолақтың шығармашылығына арналған «Гәккулеткен, аққу жеткен – Көкшетау» ІІ Өңіраралық фестивалі

Фестивальдiң мақсаты мен мiндетi:

Қазақ ән өнерiнiң ордасына айналған қасиеттi Арқа өңiрiнiң ән мәдениетiн дәрiптеу, рухани-адамгершiлiк пен мәдени мұраларды сақтау және қалпына келтiру мақсатында жұршылықтың, үкiметтiң, кәсiпкерлердiң назарын аудартып, тарту; жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беруде мемлекеттiк мекемелер мен шығармашылық ұжымдардың ресурстарын шоғырландыру.

«ЕХРО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесi аясында өтетiн фестивальдiң негiзгi мақсаты шығармашылық байланыстарды нығайту, концерттiк ұйымдармен мәдениет және өнер саласындағы мамандардың арасындағы байланысты өрiстету әрi арттыру. Бұл фестиваль солтүстiк өңiр халықының дәстүрлi музыкасын насихаттаушы әншiлердiң шығармашылық қызметi барысында тәжiрибе алмасуға арналған таптырмас өнер алаңы, мәдени аралық байланыстардың дамуына ықпал ететiн орта. Музыкалық форум бiздiң бай мәдениетiмiздiң iнжу-маржандары — халықтың дәстүрлi музыкалық шығармашылығын дәрiптеп, кең көлемде насихаттауды маңызды мiндетiнiң бiрi санайды.

Фестиваль аясында дөңгелек үстел отырысын өткiзу, от ауызды, орақ тiлдi ақындар — Бiржан сал, Ақан серi, Үкiлi Ыбырай, Балуан Шолақтың өмiрi мен шығармашылығы баяндалған және өңiрiмiздiң мәдени мұралары бейнеленген кiтаптар мен музей экспозицияларын өткiзу жоспарланды.

Фестиваль нәтижесiнде диск шығарылады.

Мақаланың шыққан күні: 10.01.2020 09:47
Парақтағы соңғы өзгерістер: 10.01.2020 09:47
Қаралым саны: 162

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2020 «Ақмола облысы мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қ., Сәтпаев көшесі, 1а, индекс 020000
Электрондық поштасы: cult@aqmola.gov.kz
Қабылдау бөлімінің телефоны: 8(7162) 25-81-60
Факс: 8(7162) 25-76-60
Әдеп жөнiндегi уәкiлi: 8 (7162) 25-81-73
Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 25-81-72
Cенім телефоны 8 (7162) 25-81-60